Құпиялылық саясаты
«PUSH EVC» ЖШС
Бас директордың Х.А.Дзауровтың
01.11.2023 ж. № 01-PS-1123
бұйрығымен бекітілген
«PUSH EVC» ЖШС мобильдік қосымшасы пайдаланушысының дербес деректерін өңдеу және құпиялылық саясаты
1. Жалпы ережелер
1.1. «PUSH EVC» ЖШС мобильдік қосымшасы пайдаланушысының дербес деректерінің құпиялылығы және оларды өңдеу саясаты (бұдан әрі - Құпиялылық саясаты) Мобильдік қосымшаны пайдаланушылардың дербес деректерін өңдеу тәртібін, шарттарын айқындайды және Пайдаланушылардың дербес деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілейді.
1.2. Осы Құпиялылық саясатында келесі терминдер мен қысқартулар пайдаланылады:
Мобильдік қосымша - «PUSH EVC» ЖШС қызметтері мен сервистерін көрсетуге арналған «PUSH EVC» ЖШС мобильдік қосымшасы.
Оператор - «PUSH EVC» ЖШС.
Пайдаланушы - Мобильдік қосымшаның/Порталдың Жеке кабинетінде тіркелген жеке немесе заңды тұлға. Осы Саясатта пайдаланылатын барлық өзге терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі.
1.3. Мобильдік қосымшада дербес деректерді (оның ішінде биометриялық) өңдеу келесі негіздер арқылы жүзеге асырылады:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық сандық қолтаңба туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №1187 «Электрондық сандық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
1.4. Пайдаланушының мобильдік қосымшаны пайдалануы осы Құпиялылық саясатымен және Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу шарттарымен келісуді білдіреді.
1.5. Саясат барлық келушілерге қолданылады және Мобильдік қосымшаны тіркеу және пайдалану кезінде Пайдаланушылар ұсынған Дербес деректерге қатысты қолданылады.
1.6. Құпиялылық саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда, Пайдаланушы Мобильдік қосымшаны пайдалануды тоқтатуы тиіс.
1.7. Осы Құпиялылық саясаты Мобильдік қосымшаға қолданылады. Мобильдік қосымша Пайдаланушы Мобильдік қосымшада қолжетімді сілтемелер бойынша өте алатын үшінші тұлғалардың сайттарына бақылау жасамайды және жауап бермейді.
1.8. Мобильдік қосымша келесі дербес деректерді өңдеуді жүзеге асырады, бірақ онымен шектелмей, оның ішінде:
ЖСН;
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
туған күні;
азаматтығы туралы мәліметтер;
пайдаланушының электрондық поштасының мекенжайы;
ұялы байланыстың абоненттік нөмірі;
авто маркасы мен моделі, шығарылған жылы.
2. Дербес деректерді өңдеу мақсаттары
2.1. Мобильдік қосымшаны пайдаланушылардың дербес деректері келесі мақсаттарда жиналады және өңделеді:
2.1.1. пайдаланушыны сәйкестендіру үшін;
2.1.2. толтыру үрдісін автоматтандыру;
2.1.3. дербес ақпаратты дұрыс енгізу;
2.1.4. қызметтер көрсету;
2.1.5. Мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, өзге де қызметтер мен сервистерді ұсыну;
2.1.6. қызмет көрсету нәтижелерін алу;
2.1.7. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мақсаттарда.
3. Дербес деректерді өңдеу тәсілдері, мерзімдері және Оператордың дербес деректерді қорғау жөніндегі міндеттері
3.1. Оператор дербес деректерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып өңдеуге құқылы.
3.2. Пайдаланушы Мобильдік қосымшаны пайдалану кезеңіне дербес деректерді өңдеуге келісім береді.
3.3.Оператор пайдаланушылардың дербес деректерінің құпиялылығын, тұтастығын, сақталуын және қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдауға міндетті.
3.4. Оператор Мобильдік қосымшаны пайдаланушылардың дербес деректерді өңдеу саласындағы заңды құқықтарын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген дербес деректерді өңдеуге қойылатын өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
4. Мобильдік қосымшаны пайдаланушылардың дербес деректерін Мобильдік қосымшада өңдеу кезіндегі құқықтары мен міндеттері.
4.1. Мобильдік қосымшаның пайдаланушысы құқылы:
4.1.1. өзіне Мобильдік қосымшаны тіркеуді жүзеге асыруға және пайдалануға мүмкіндік беретін барлық қажетті құқықтарға ие болуға;
4.1.2. өзінің дербес деректерін кез келген заңды мақсаттарда, оның ішінде Саясатта белгіленген мақсаттарда пайдалануға;
4.1.3. Операторға кері қайтарып алудың болжамды күніне дейін кемінде 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабарлама жіберу арқылы деректерді жинауға және өңдеуге өзінің келісімін кері қайтарып алған жағдайда тоқтатуға.
4.2. Мобильдік қосымшаның пайдаланушысы міндетті:
4.2.1. Мобильдік қосымшаны пайдалану үшін қажетті көлемде өзі туралы шынайы ақпаратты көрсетуге;
4.2.2. осы Саясатпен танысуға;
4.2.3. егер көрсетілген деректерді автоматты түрде жаңарту мүмкін болмаса, олар өзгерген жағдайда, Мобильдік қосымшада өңделетін дербес деректерді жаңартуға;
4.2.4. дербес деректер субъектісінде оның дербес деректерін өңдеу барысында осындай міндеттер туындаған кезде, дербес деректер саласындағы өзге де міндеттерді жүзеге асыруға.
5. Үшінші тұлғалардың дербес деректерге қол жеткізуі
5.1. Пайдаланушының дербес деректері үшінші тарапқа келесі жағдайларда берілуі мүмкін:
5.1.1. егер дербес деректерді беру мемлекеттік қызметті және сервисті ұсыну үшін қажет болса;
5.1.2. егер пайдаланушы өзінің деректерін үшінші тарапқа беруді жүзеге асыруға келісім берсе;
5.1.3. егер беру қолданыстағы заңнамада көзделсе.
6. Қосымша шарттар
6.1. Осы Құпиялылық саясатына және Құпиялылық саясатын қолдануға байланысты туындайтын Пайдаланушы мен Оператор арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығы қолданылуға жатады.
6.2. Оператор осы Құпиялылық саясатына Пайдаланушының келісімінсіз өзгерістер енгізуге құқылы.
6.3. Егер Құпиялылық саясатының жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, Жаңа Құпиялылық саясаты push24.kz сайтында орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
6.4. Пайдаланушы өзектi редакциямен танысу жолымен Құпиялылық саясатының өзгерiстерiн дербес қадағалауға мiндеттенедi.
6.5. Осы Құпиялылық саясатына қатысты барлық ұсыныстар мен сұрақтар info@push24.kz мекенжайы бойынша хабарлануға тиіс.
1
Тапсырыс жіберіңіз
2
Төлем тәсілі
3
Нәтиже
Платёжная система
Kaspi.kz
Kaspi.kz
Kaspi.kz
Halyk
Halyk
Halyk